Государственное учреждение "Комплекс "Музыкальный колледж - музыкальная школа-интернат для одаренных детей"
Базовая детская музыкальная школа практики

@praktika_muzcollege_pvl


Вернуться наmuscomplexpavl.edu.kz

2021,январь,1 Құрметті әріптестер, оқушылар! Қадірменді ата-аналар!

  • Category: 2021,январь
  • Published on Friday, 01 January 2021 04:42
  • Written by Administrator
  • Hits: 1495


Құрметті әріптестер, оқушылар! Қадірменді ата-аналар! 2020 жыл қаншалықты қиын жыл болғанымен біздің ұжым үшін табыссыз болмады. Басшы ретінде Кешеніміздің өткен жылдағы жетістіктерін қорытындылай отырып басты 10 жаңалығын атап өткім келеді.
1. Музыкалық Кешен 5-жыл мерзімге аккредитациялаудан өтті. Сарапшылар мен комиссия мүшелері Кешен қызметінің жұмысына өте жоғары баға берді.
2. "Павлодар облысының білім саласына қосқан үлесі үшін"-төсбелгісімен Кешені міздің үш бірдей ұстазы марапатталып, әр қайсысы 2 778 000 теңге сыйақы алды. Олар:
Волкова И.Н(фортепиано)
Касьян Я.О(Скрипка)
Тен А.Ш(флейта)
3.Елбасы, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев қорының арнайы шәкіртақысын биыл екі бірдей студентіміз жеңіп алды. Осымен алты студентіміз аталмыш шәкіртақының иегері атанып отыр.
Биылғы үздіктеріміз:
Омар Назира (домбыра)
Даниил Борисов (валторна)
4. Белгілі меценат, кәсіпкер Болат Өтемұратов қорының қолдауымен "Батырхан Шөкенов" атындағы арнайы сыйлыққа студентіміз Даниил Борисов ие болды.
5. "Республика-Регион-Развитие" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін "Халық сүйіктісі" жобасының республикалық "Жас өркен" балалар сыйлығының бас жеңімпазы болып мектеп-интернатымыздың оқушысы Данияр Анель атанды. Аталмыш сыйлық көптеген оқу орындарының үздік, талантты оқушыларының қатысуымен өтетін маңызды шара, белгілі бәйге.
6. ҚР БҒМ-ның "Қазақстанның үздік 100 студенті"- республикалық жобасында колледж студенті Рерих Нелли жеңіске жетіп үздіктер тізіміне енді. Осымен екі жыл қатарынан біздің колледж студенттері еліміздің үздік 100 студенті қатарынан табылды.
7. "Дегдар" гуманитарлық қорының "Әнуар шуағы" арнайы шәкіртақысына колледж студенті Диляра Асаинова ие болды. Бұл шәкіртақы мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау мақсатында беріледі.
8. 2020 жылғы оқушыларымыз бен студенттеріміздің байқаулардағы нәтижесі келесідегідей:
Кешен бойынша барлығы: 209 жеңіс!
Оның ішінде:
Халықаралық байқауларда - 136 жеңіс.
Республикалық байқауларда - 73 жеңіс.
Оның ішінде:
Бас жүлделер саны -17
1-орындар саны - 68
2-орындар саны -57
3-орындар саны - 34
Дипломанттар саны - 33